БҚО-да қоғамдық көмекшілердің жәрдемімен 56 қылмыс ашылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қоғамдық көмекшілердің белсенділігі нәтижесінде жыл басынан бері 56 қылмыс ашылып, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 486 азамат ұсталды.
None
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Бұл туралы БҚО полиция департаментінде жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілермен, волонтерлік ұйым өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен Асылай Талғатқызының мәлім еткеніндей, 2004 жылғы 9 шілдедегі «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» ҚР Заңы және ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы «Азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға тарту ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыс аумағында құрамында 2 312 азаматтан тұратын 235 қоғамдық құқық қорғау құрылымдары құрылған болатын.


Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге қатысуы олардың ішкі істер органдарына көмек көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президенті 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялағаннан бастап БҚО ПД жергілікті полиция қызметі әр түрлі шаралар өткізу кезінде ерікті волонтерлерді тартып келеді.

Қазіргі таңда «Орал студенттер альянсы», республикалық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы», «Ақжайық жастары», «Орал жастары», «Батыс қамқор», «Орал қаласының студенттер альянсы» корпоративтік қоры, «Qadam» эко жобасы секілді волонтерлер ұйымдары полиция департаментінің қолұшын созып, әрдайым жәрдемдесуге дайын тұрады.

Аталған қоғамдық көмекшілер мен волонтерлар ұйымының көмегімен көптеген жұмыстар атқарылуда. Мысалы: «Түнгі қаладағы балалар», «Қауіпсіз мектеп» жедел алдын алу іс-шаралары барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты анықтау барысында «Орал жастар», «Орал қаласының студенттер альянсы» корпоративтік қорымен, «Ақжайық жастары» еріктілерімен бірге рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.


Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі БҚО жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасымен, «Жайық таңы» үкіметтік емес ұйымымен және волонтерлермен бірге Орал қаласы мен облыс аумағында орналасқан тұрмыстық жағдайы төмен 250-ден астам отбасы тексерілді. Тексеру барысында волонтерлік топтар қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетіп, спорттық, шығармашылық үйірмелерге тіркеді. Ал есепте тұрған ата-аналар әр түрлі мамандар кеңесін тыңдады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу мәселелері бойынша өткізілген ата-аналар жиналысында ҚР ҚК 122, 188, 190-баптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, қылмыстың алдын алу бағында үлестірме парақшалары таратылды. Жиналыс барысында ЖПҚБ ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың 137 заңды өкіліне құқықтық көмек пен кеңестер берді. Жалпы, барлық оқу орындарына БҚО ПД ЖПҚБ ЮПб қызметкерлері «Жайық жастары» ҮЕМ мен «Орал жастары» волонтерлерімен бірлесіп, 300-ге жуық ақпараттық-құқықтық жадынаманы дайындады.

-Біз полиция қызметкерлерімен бірге көптеген іс-шаралар атқарып, қайырымдылық көмек те көрсетіп келеміз. Жалпы, адамдарға қолұшын созу өзіме ұнайды. Мен полициямен екі жылдан бері біргемін. Осы кезең ішінде 50 мектеп, 18 колледж, 3 университетте есірткі қылмысының алдын алу, жасөспірімдерге қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды мәдени-спорттық іс-шараларға тарту бағытында семинар-кеңестер ұйымдастырдық, - дейді волонтер Әсел Мырзахметова.

«Жыл басынан бері қоғамдық тәртіпті сақтауда белсендік көрсеткені үшін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін қоғамдық құрылымдардың 149 мүшесі ынталандырылды.


Бұл кездесудің мақсаты еріктілер құрамындағы азаматтарды қоғамдық көмекшілер қатарына шақыру болатын. Алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенділік көрсеткен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен жандарды заңға сәйкес мадақтамамен, алғысхаттармен, сондай-ақ ақшалай сыйақымен марапаттау көзделіп отыр. Еріктілер ұйымымен бірге жасалатын жұмыстар одан әрі жалғасатын болады», деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар