БҚО-да көктайғаққа байланысты екі республикалық жолда қозғалыс шектелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты екі республикалық жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ресубликалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолы (229-195 км, Бәйтерек ауданы Махамбет ауылынан РФ шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктері үшін жабық тұр.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы автожолында (3-97 км, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Бөрлі ауданы Бөрлі ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар алынуда.

Орал қаласында да жаңбыр жауғандықтан, көктайғақ болып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар