14:55, 16 Қыркүйек 2022 | GMT +5
БҚО-да көлік қағып кеткен 2 адамның жағдайы ауыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жол жиегінде кетіп бара жатқан екі адамды көлік қағып кетті. Екеуінің де жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оқиға 15 қыркүйек күні түнгі 00:30 уақыт шамасында болды. «Volkswagen Golf III» көлігін тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, «Грэмми» мейрамханасының жанында жол жиегінде кетіп бара жатқан 21 және 20 жастағы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті», - делінген полиция мәліметінде.
Зардап шеккендер аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген мәліметте.
Әлеуметтік желіде тараған видео мен фотоларға қарағанда. Көлік жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Адамдарды қаққаннан кейін машина темір-бетонды қоршауға соғылған.
Фото: polisia.kz