БҚО-да көлік терезесінен ұшып кеткен сәбидің жағдайы өте ауыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 6 қараша күні сағат 10.00 шамасында Қазталов ауданы Қараөзен ауылынан жолға шыққан автокөлік көктайғақ салдарынан қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, автокөлік салонында үш айлық сәбиімен тойға бара жатқан келіншек болған. Жол оқиғасы кезінде  биылғы 12 тамызда дүниеге келген ұл бала терезеден ұшып кеткен. Аудандық ауруханаға жеткізіліп, хирург қарағаннан кейін санавиация шақыртылған. Қазір аталған сәби облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, миына қан құйылған, жағдайы өте ауыр.

Өткен жылы он айда балалардың қатысымен 132 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарына 2 бала қаза тапқан еді. Биыл сондай 132 оқиға болып, көз жұмғандар саны 9-ға жетіп отыр.

«Көлденең оқиғаларға ұрынудың бір себебі ата-аналардың қамсыздығы, сақтанбауы дер едік. Ауа райының қолайсыздығына қарамай, кейбіреулер сәбиімен жолға шығады немесе қонаққа барады. Балаларын қараусыз қалдыратындар да бар. Мысалы, жол-көлік оқиғалары өз алдына, биылғы он айда балалардың арасында 233 (өткен жылы осы мерзімде - 275) күйік шалу дерегі тіркелсе, соның отыздан астамында естен танған күйінде түскен», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ф.Саматова.

Соңғы жаңалықтар