14:56, 25 Сәуір 2023 | GMT +5
БҚО-да көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Аталмыш инспекцияның лауазымды қызметкерлері Т. деген азаматтан Ресей Федерациясынан келе жатқан шамадан тыс жүк (астық) тиелген ауыр жүк көліктерінің Самара-Шымкент автожолы арқылы көліктік бақылаудың жылжымалы бекетінен кедергісіз өтуі үшін бірнеше рет пара алды деп айыпталып отыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат таратуға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.