БҚО-да «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес биыл 5,9 млрд. астам теңгені игеру көзделіп отыр

ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес биыл республикалық бюджеттен 4820 млн. теңге бөлінді.
None
None

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қатысушылары үшін тұрғын үй салуға - 1,6 млрд. теңге, жалгерлік үйге - 1,2 млрд. теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес инженерлік желілерімен қызметтік үй құрылысына - 0,2 млрд., инженерлік коммуникациялар тартуға 1,8 млрд. теңге қарастырылған болатын. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жоспарланған 4,2 млрд. теңгенің 96 пайызы немесе 4,0 млрд. теңгесі игерілді.

Қазіргі кезде өңірде 4 жалгерлік көпқабатты, кезекте тұрғандар үшін 17 бір және екі пәтерлік, жас отбасыларға арналған 4 көппәтерлік тұрғын үйлер біте келсе, 2014 жылы пайдалануға берілмекші 4 несиелік, 2 жалгерлік және жас отбасыларға арналған 3 жалгерлік үйдің құрылысы басталды.

Барлық қаржы көздері есебінен тоғыз айда 169,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 102,3 пайыз.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес «КИК» АҚ қаржысын (1125 млн. теңге) қосқанда, биыл облыста барлығы 5945 млн. теңгені игеріп, 215 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде.

Соңғы жаңалықтар