БҚО-да «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес бөлінген 6061 млн. теңге толық игерілмекші

ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген 6061 млн. теңге жыл соңына дейін толық игерілмекші.
None
None

Облыстық құрылыс басқармасынан хабарлағанындай, соның ішінде 1565 млн. теңге тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға арналған тұрғын үй (20,9 мың шаршы метр) салуға, 1004 млн. теңге кезекте тұрғандар үшін жалгерлік баспана (15,6 мың шаршы метр), 700 млн. теңге жас отбасыларға арналған үйлер (7,4 мың шаршы метр), «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес инженерлік желісі тартылған қызметтік үйлер (2,1 мың шаршы метр) құрылысына, инженерлік коммуникациялар тартуға 2587 млн. теңге берілген болатын. Мұның сыртында 15 мың шаршы метр коммерциялық, 154 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы тағы бар. Бәрін қосқанда, өңірде 215 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған еді. Биылғы он бір айда 225,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма жыл аяқталмай жатып-ақ 104,9 пайызға орындалды. Жыл қорытындысында бұл көрсеткіш өсе түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар