БҚО-да коммуналдық салаға қажетті техникалар лизингке сатып алынды

ОРАЛ. KAZINFORM — Жаңақала ауданында коммуналдық салаға қажетті арнайы техникалар пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, кәсіпорын жұмысшыларына көлік кілттерін табыс етті.

БҚО-да коммуналдық салаға қажетті техникалар лизингке сатып алынды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Аралас жол және вакуумдық машиналар, бүйірлік жүктемесі бар қоқыс тасығыш, барлығы үш техника «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке сатып алынды.

БҚО-да коммуналдық салаға қажетті техникалар лизингке сатып алынды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл — өңір аудандарындағы алғашқы тәжірибе.

БҚО-да коммуналдық салаға қажетті техникалар лизингке сатып алынды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес коммуналдық саланы жаңғырту, техникалық мүмкіндігін арттыру және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

БҚО-да коммуналдық салаға қажетті техникалар лизингке сатып алынды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
БҚО-да коммуналдық салаға қажетті техникалар лизингке сатып алынды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

— Күнделікті өмірімізді коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегінсіз елестету мүмкін емес. Бүгін кәсіпорынға жаңа техникалардың табысталуы — елді мекендердің тазалығы мен көркеюі үшін жасалған нақты қолдаудың көрінісі. Коммуналдық техникаларды лизингке сатып алу бойынша бастаманы басқа аудандарға да таратуымыз керек, — деді Нариман Төреғалиев.