БҚО-да коронавирус жұқтырғандардың дені Ресей мен Атыраудан келген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың дені Ресей мен Атыраудан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Кажушеваның брифингте мәлім еткеніндей, өңірде осы кезге дейін 272 адам ауруға шалдықса, соның 219-ы – шеттен келгендер.

Соның ішінде 164 адам (80 пайызы) Ресейден, 54-і (20 пайызы) – Атырау облысынан келгендер. Атыраудан келгендердің арасында 53-і Теңіз кен орнында жұмыс істейді. Сондай-ақ бір адам Германиядан келген. Транзиттік жүк тасымалдаушылар арасында 7 адамнан коронавирус анықталса, соның төртеуі – Өзбекстан, екеуі – Тәжікстан, біреуі – Қырғызстан азаматы.

Ауырғандардың 190-ы – БҚО, 75-і – Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары.

Сырқаттанғандардың ішінде 52 адам бұрын коронавируспен ауырғандармен қарым-қатынаста болса, соның 43-і денсаулық сақтау мекемелерінде анықталды.

«Облыста күн санап жазылып келе жатқандар саны қуантады. Қазір олардың саны 121-ге жетті. Дегенмен өңірде карантиндік шектеу шаралары 25 мамырға дейін ұзартылғанын еске сала отырып, тұрғындардан санитарлық, гигиеналық талаптарды бұлжытпай сақтауды өтінеміз. Адамдар көп жиналатын жерлерден тартынған орынды. Дүкен, дәріханаларға барған жағдайда бетперде, қолғап киюді ұмытпау қажет», деді Г.Кажушева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған соңғы 11 науқастың 10-ы Теңіз кен орнынан келгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар