БҚО-да коронавирустан көз жұмғандардың 70 пайызы егде адамдар

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің мәлім еткеніндей, соның 155-і немесе 71 пайызы – 65 жастан асқандар.
Сондай-ақ 61-і немесе 28 пайызы – 40-65 жас аралығындағылар, екеуі немесе 1 пайызы – 40-қа дейінгілер.
Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, 194-інің немесе 90 пайызының созылмалы дерттері болған. Соның ішінде 70 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 12 пайызы қант диабеті, 18 пайызы басқа дертке шалдыққан.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталмауы және тұрғындардың адамдар көп жиналатын жерлерге баруы салдарынан инфекциялық стационар, соның ішінде жансақтау бөлімшелерінде жатқандар саны көбеюде.
Атап айтқанда, жансақтау бөлімшелерінде емделушілер саны 40-қа жетті. Бұлардың үшеуі – 50-ге дейінгілер, алтауы – 50-60, 24-і – 60-80 жас аралығындағылар, жетеуі – сексеннен асқандар. Соның ішінде 57,5 пайызының (23 науқастың) созылмалы дерттері бар. 18-і жүрек-қан тамырлары аурулары, бесеуі қант диабетімен ауырады.
«Соңғы аптада (24-30 маусым, орта есеппен 498 емделуші) алдыңғымен (17-23 маусым, 443 емделуші) салыстырғанда, инфекциялық стационарда жатқандар саны 11,1 пайызға өсіп отыр. Осыған байланысты тұрғындардан карантиндік шараларды барынша қатаң сақтап, өзін және жақын-жуықтарын аса қауіпті індеттен қорғауға шақырамыз», деді А.Қалибеков.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екпе алғандар арасында лотереяға бас жүлдеге автокөлік тігілгенін, бір аптада коронавирус жұқтырғандар шамамен 30 пайызға өскенін жазған болатынбыз.