БҚО-да қоршаған ортаны ластағаны үшін үш мекеме айыппұл төлейді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданы прокуратурасы табиғат қорғау заңнамасының орындалуын тексеру барысында коммуналдық сарқынды суларды шығарумен айналысатын үш мекеменің кір суды жерге төгіп, қоршаған ортаны ластағандығын анықтады.
None
None

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кәсіпорындар тиісті экологиялық рұқсатсыз қызмет көрсеткен. Заңбұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныстардың нәтижесі бойынша мемлекетке 470 381 теңге көлемінде шығын қайтарылды, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды қабылдайтын қарапайым ағызу пунктін қолданысқа берген.
Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде ауданның үш жыл бойы шешілмеген экологиялық мәселесі ретке келтірілді.

Соңғы жаңалықтар