БҚО-да қос бірдей адам өліміне соқтырған жол апаты орын алды

ОРАЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - 4 мамыр күні Батыс Қазақстан облысында Атырау-Орал автожолы бойында, Коловертный ауылы тұсында «Ауди С-4» «ГАЗ-330273» автокөлігімен соқтығысты.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апаты салдарынан «Аудидің» 51 жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 26 жасар ер азамат Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілгенмен, ол да есін жия алмай, көз жұмды.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ 2 мамыр күні «Фольксваген-Шаран» автокөлігі Орал қаласында Әбілқайыр хан даңғылында «ВАЗ-21102» авоткөлігімен қақтығысып, одан кейін жаяу жүргіншілер жүретін жерге шығып кетіп, 31 жасар әйелді қаққан. Әйел облыстық ауруханаға жатқызылса, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Дегенмен жол полициясы қызметкерлері көп ұзамай оны қолға түсірді.

Сол секілді полицейлер 29 сәуір күні «Фольксваген-Вента» автокөлігін айдап кеткен 32 жасар қала тұрғынын ұстады. 5 мамырға қараған түні С.Тюленин көшесі бойындағы үйден «ВАЗ-2105» автокөлігі қолды болған. Қылмыстың ізі суымай ашылып, жәбірленушінің 26 жасар көршісі құрықталды.

Соңғы жаңалықтар