БҚО-да қос бірдей басқарманың басшылары ауысты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына жаңа басшылар тағайындалып, іске кірісті.
None
None

Жаңа басшыларды ұжымдарына таныстырған облыс әкімі Алтай Көлгінов олардың басшылық қызметтегі және жұмыс тәжірибелері жеткілікті екендігін атап өтті.

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Жанболат Ғайнешұлы Иманғалиевтің денсаулығына байланысты оның жұмыстан босату жөніндегі өтініші қабылданып, Жанат Асылханұлы Асантаев конкурстық негізде аталған облыстық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ж.Асантаев 1970 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы инженер, екінші мамандығы заңгер. Ол ҚР Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, Астана қаласы Соттар әкімшілігінің аға сот орындаушысы, бөлім басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігі нормативтік-құқықтық актілерді сараптау басқармасының бас маманы, бастығы, заң департаменті директорының орынбасары, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің басшысы болып істеді. 2014 жылдың шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы Бауыржан Жанпейісұлы Талдықбаев басқа қызметке ауысына байланысты Ғалым Ғұбашұлы Орынғалиевконкурстық негізде аталған басқарманың басшысы болып тағайындалды.

Ғ.Орынғалиев 1955 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Камен (қазіргі Тасқала) ауданының Амангелді атындағы совхозының инженері ретінде бастап, кейін сол ауданда басшылық қызметтер атқарды. 2002-2007 жылдары - Орал қаласы әкімінің орынбасары, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. 2007-2012 жылдары - Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары. 2012-2016 жылдары - Орал қаласы әкімінің орынбасары.

null 

Соңғы жаңалықтар