17:53, 12 Қараша 2013 | GMT +5
БҚО-да құны 6,4 млн. астам теңгені құрайтын 40,9 тонна қара металды шекара асырмақшы болғандар ұсталды
ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - 5 қараша күні «Ақсай» бақылау-өткізу бөлімшесінде сержант Бекқали Матаев жалған құжатпен шекара аспақшы болған үш КамАЗ автокөлігін тоқтатты.

ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029-әскери бөлімінің командирі, подполковник С.Шұбаевтың хабарлағанындай, құны шамамен 6463500 теңгені құрайтын 40,9 тонна қара металл тиелген үш автокөліктің жүргізушілері қазақстандық азаматтар болып шықты. Олар ҚР ҚК 183-бабы 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылды.