БҚО-да қылмыс саусақ іздерінің көмегімен ашылды

ОРАЛ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - 4 сәуірден 5-іне қараған түні Орал қаласындағы Тайманов көшесі және қала маңында орналасқан Мичурин ауылынан «ИЖ-2715» және «ВАЗ-Ока» көліктерін белгісіз біреулер заңсыз айдап кеткен.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, екінші оқиға орнынан Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полиция бөлімі криминалистерінің көмегімен қолдың саусақ іздері арқылы күдікті анықталды. Орал қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік полиция батальоны, ЖПБ-ның жедел іздестіру бөлімі және Приурал Пб-нің қызметкерлері облыс орталығының 18 жастағы тұрғынын қолға түсірді.  Күдіктінің бұрын ұялы телефон тонау фактісі бойынша шартты түрде сотталғандығы анықталды. Сондай-ақ ұсталған азаматтың сол күні түнде қаладағы дүңгіршектердің біріне терезесін сындыру арқылы кіріп, ұрлыққа түскені белгілі болды.

Күдіктінің ішкі істер органдарында есепте тұратын сыбайласына іздеу жарияланды.

Соңғы жаңалықтар