БҚО-да қысқа дайындық жұмыстары тиянақталып келеді

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде коммуналдық кәсіпорындар жабдығы мен желілерін жөндеуге 662,1 млн. теңге, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, «Ақ бұлақ», өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 13 жобаны жүзеге асыруға 2998 млн. теңге, 21 білім беру нысанын жөндеуге 1145,5 млн. теңге, 9 денсаулық сақтау нысанына 250,4 млн. теңге, 6 мәдениет нысанына 375,6 млн. теңге, сұйық және қатты отын сатып алуға 628,4 млн. теңге қарастырылды.
Биыл 21 білім, 9 денсаулық сақтау және 4 мәдениет нысанын жөндеу жоспарланған болатын. Күні бүгін барлық денсаулық сақтау, сондай-ақ 13 білім, 2 мәдениет нысаны бойынша жұмыс аяқталды.
Бюджеттік мекемелерді жылытуға 13,02 мың тонна көмір және 3,6 мың тонна сұйық отын қажет болса, аудандарға 12,08 мың тонна көмір (93 пайыз), 2,63 мың тонна сұйық отын (73 пайыз) жеткізілді.
Жылыту маусымына 325 қазандық, 668 білім, 434 денсаулық сақтау, 367 мәдениет, 9 әлеуметтік қорғау нысанын, сондай-ақ орталықтандырылған жылу көздерінен жылытылатын 1263 тұрғын үйді әзірлеу жоспарланды.
Кәсіпорындардың өз қаражаты және бюджет есебінен 17,6 км жылу желісі, 14,89 км су құбыры мен кәріз желілері, 2632 км электр желісі, 16 подстанса, 306 комплектілі трансформаторлы подстанса және Орал жылу-қуат орталығы жөндеуден өткізу көзделді.
Күні бүгін қазандықтардың 100, жылу желілері 94, су құбыры 113, электр желісі 100 пайызы, барлық білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени нысандар, тұрғын үйлердің 91 пайызы қысқа дайын.