БҚО-да мал бағып жүріп, жоғалып кеткен бақташы табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мал бағып жүріп, жоғалып кеткен бақташы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да мал бағып жүріп, жоғалып кеткен бақташы табылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 желтоқсан күні Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округіндегі Бесоба қыстағында болды.

Сағат 14.00-те 1966 жылғы бақташы мал бағуға кеткеннен оралмаған.

Кешкі сағат 21.20-дан бастап іздеу жұмыстары жүргізілді. №18 өрт сөндіру бөлімі мен аудандық ТЖ бөлімі қызметкерлерінің күшімен (5 адам, 1 техника) сағат 23.45-те бақташы табылып, туысқандарына табысталды. Ол медициналық көмекті қажетсінген жоқ.

БҚО ТЖ департаменті қыс кезінде тұрғындарға сақ болуды ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын жазған болатынбыз.