БҚО-да майлы дақылдар өсіруге ерекше көңіл бөлінетін болады

ОРАЛ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да майлы дақылдар өсіруге ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұл туралы бүгін «Батыс Күнбағыс» АҚ-да өткен көктемгі егіс алдындағы кеңесте айтылды.
None
None

Биыл егін шаруашылығын дамытуға БҚО-ға республикалық бюджеттен 553,7 млн. астам теңге бөлінбек. Оған қоса тұқым шаруашылығын дамытып, жаңа сорттарды жедел енгізу үшін облыстық қазынадан 65 млн. теңге қарастырылды.

Биылғы жылғы ерекшелік, майлы дақылды егушілер демеуқаржыны 9 есе көп алатын болады. Осы мақсатқа 233,5 млн. теңге бағытталмақ, бұл - республикадан келетін қаржының 43,2 пайызы. Дегенмен өңірде майлы дақылдар өнімділігінің төмен болуы алаңдатады. Шаруашылықтар ұсынысын ескере отырып, «Батыс Күнбағыс» АҚ қызмет-дайындау орталығы алдын ала 140 тонна күнбағыс тұқымын сатып алып, 100 тонна қыша тұқымын әзірледі. Биыл майлы дақылдарды ертерек егуге мүмкіндік бар. 2011 жылы кемінде 43 мың гектарға күнбағыс егу көзделіп отыр. Басқа да майлы дақылдар бар. 42 агроқұрылым «Батыс Пойма Агро» кооперативнің құрылтайшысы болған еді. Жаңа технологияларды енгізу үшін аталмыш кооператив 204 млн. астам теңгеге қазіргі заманғы техника алды. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ылғал жабуда, таяуда егіс те басталады.

Кеңесте майлы дақылдар өсірудің технологиясы жөнінде мамандар жан-жақты пікір алысты.

Соңғы жаңалықтар