БҚО-да медициналық мекемеден 8 қызметкердің пайдасына 16 млн теңге өндірілді

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласының № 2 сотында Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу орталығы» МКК-ның 8 қызметкердің ай сайынғы 60 пайыз мөлшеріндегі қосымша ақысын алып тастауына байланысты азаматтық іс қаралды. 

БҚО-да медициналық мекемеден 8 қызметкердің пайдасына 16 млн теңге өндірілді
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, талап қоюшылар жұмыс берушінің ай сайынғы қосымша ақыны алып тастау әрекетін заңсыз деп танып, төленбей қалған қаражатты өндіруді сұрады.

Жауапкер тарап талап қоюшылардың ЖИТС-пен ауыратын және АИТВ жұқтырған науқастарға экспресс-тест жүргізбейтінін алға тартты. 

– Сот істі жан-жақты қарап, жауапкердің елеулі дәлелдемелер келтірмегенін, ал талап қоюшылардың лауазымдық міндеттеріне диагностика және емдеумен байланысты қызметтер кіретінін анықтады. Нәтижесінде сот талапты ішінара қанағаттандырып, 8 медицина қызметкерінің пайдасына лауазымдық айлықақының 60 пайызы мөлшеріндегі қосымша ақы бойынша берешекті өндірді. Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшылардың пайдасына барлығы 16 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Шешім заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тыйым салынған уақытта арақ-шарап сатудың 70 дерегі анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар