БҚО-да мүгедектерге тиісті көмек көрсетіліп отыр

ОРАЛ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мүгедектерге тиісті көмек көрсетілуде.
None
None

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектер үшiн жылына отыз сағат ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтері ұйымдастырылды. Жыл басынан бері 967 адамға жеке көмекшілердің қызметі, 217 мүгедекке ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетіліп отыр.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес мүгедектер төмендегі жеңілдіктермен қамтылады:

-протездік-ортопедиялық көмекпен (мүгедектің жасына және протездің түріне қарай беріледі);

-сурдотехникалық құралдармен (есту аппараты-ҰОСҚ және мүгедектеріне 3 жылда 1 рет, І, ІІ және ІІІ топ мүгедектеріне 4 жылда 1 рет, басқа құралдар 5 жылда 1 рет);

-тифлотехникалық құралдармен (құралдардың түріне қарай);

-міндетті гигиеналық құралдармен (памперс-жылына 480 дана);

-жүріп-тұру құралдарымен (бөлмелік кресло арбалар-7жыл,серуендік-4 жыл);

-санаторий-курорттық емделумен.

Бұл жеңілдіктер мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасының негізінде беріледі.

2011 жылдың 1 қазанына дейін 321 мүгедек түрлі протез-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. 197 құлағы кеміс еститін мүгедек жеке оңалту бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдарымен қамтылды. Соның ішінде есту протезімен 92 мүгедек қамтылды: 76 ересек және 16 бала. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес жыл басынан 383 мүгедек тифлоқұралдармен, 160 мүгедек кресло-арбамен, 866-мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтылды.

Бүгінгі таңда санаторлық-курорттық еммен 618 мүгедек қамтылып отыр. Соның ішінде 532 мүгедек «Ақжайық» шипажайында, 43 көзі көрмейтін мүгедектер және 43 мүгедек балалар «Талап» АҚ-ң сауықтыру орталығында оңалтудан өтті.

Жыл басынан 274 мүгедек жұмыспен қамтудың белсенді түріне тартылды, атап айтқанда, тұрақты жұмысқа 67 адам, қоғамдық жұмысқа 118, әлеуметтік жұмыс орнына 49, уақытша жұмыс орындарына 23 адам және жастар тәжірибесіне 17 адам орналасты. Кәсіптік оқу мен қайта даярлау курстарына 30 адам жолданды. Облыс бойынша 83 квота белгіленген болса, жыл басынан барлық жұмысқа орналастырылғандардың ішінде 41 мүгедек адам үш пайыздық мүгедектер үшін белгіленген квота арқылы жұмысқа орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар