БҚО-да мұнай өңдеу өнімдері 1,4 есеге артты

ОРАЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 36228,8 млн. теңгенің мұнай өңдеу өнімдері өндірілді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 1,4 есеге артық. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда газойль өндіру көбейіп отыр.

Жыл басынан бері сондай-ақ 4411,4 млн. теңгенің басқа металл емес минералдық өнімдері шығарылды, бұл да 1,4 есеге жоғары. Құрылыс мақсатындағы бетон бұйымдары, құрылыс қоспасы арта түскен.

Металлургия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 3743,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғыдан 4,7 пайызға кем. Дегенмен ұнтақталған шар, профнастил шығару өскен.

Электрмен қамту, газ, бу бөлу кәсіпорындарындағы өнім көлемі 18,6 млрд. теңгеге жетіп, 0,4 пайызға көбейді.

Сумен қамту, кәріздік жүйе, қалдықтар жинау мен бөлуді бақылау кәсіпорындарындағы өнім көлемі 4,0 млрд. теңгені құрап, 17,4 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар