БҚО-да мұздаққа байланысты республикалық жолда шектеу қойылды

Батыс Қазақстан облысында мұздаққа байланысты республикалық жолда шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazinform.

ескерту
Фото: Kazinform

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 18 желтоқсан күні сағат 18.30-дан бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу қойылды. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Қазіргі кезде өңірде ауа райы тұрақсыз болып тұр.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, сонымен қатар 19 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының батыс, оңтүстігі мен шығысында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болмақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйдегі өрт салдарынан 42 жастағы ер адамның көз жұмғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар