БҚО-да объективті баға өсімі бар және ол болады да - Н.Ноғаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында объективті баға өсімі бар және ол болады да. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
None
None

«Баға тұрақты түрде бір деңгейде тұруы мүмкін емес. Оның өсуінің әрқилы объективті және субъективті себептері бар. Дегенмен, Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын мониторингілеу үшін облыстық, қалалық және аудандық штабтар құрылған. Олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдардың және қоғам өкілдері кіреді. Біз бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізудеміз. Баға өсіп кетті дегенде қандай азық-түлікке, қаншаға көтерілгенін нақты айту керек. Бүгінгі таңда ахуал бақылауымызда. Тағы да айта кетейін: объективті баға өсімі бар және ол болады да. Біз бағаны үнемі бір деңгейде ұстап тұра алмаймыз», - деді Н.Ноғаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Соңғы жаңалықтар