19:30, 23 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да облыс әкімінің гранты үшін мұғалімдер байқауы өткізілуде
ОРАЛ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы әкімінің гранты үшін жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдер арасында байқау өткізілуде.

Алдын ала іріктеуден кейін негізгі кезеңге 60 педагог жолдама алған. Грантты жеңіп алуға шығармашылықпен жұмыс жасайтын математика, физика, информатика, химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері үміттене алады. Облыстық білім басқармасының бөлім бастығы Зәуре Ғұмарованың сөзіне қарағанда, байқау екі кезең, бес турдан тұрады. Басты шарт мұғалімнің кәсіби біліктілігі жоғары, дербес авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік, электрондық құралдары, бай тәжірибесі болуы керек.
Байқау қорытындысы 25 қарашада шығарылады. Грант иегері бүкіл жыл бойына айлық жалақысына қосымша 50 пайыз үстемеақы алады.