БҚО-да өрт салдарынан бір адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінен 2 техника және жеке құрамынан 6 адам жұмылдырылды. Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 1980 жылғы ер адамның денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар