БҚО-да орташа жалақы 90 мың теңгеден асты

ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 90509 теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 8,8 пайызға өсті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, өңірде ең жоғарғы еңбекақы құрылыста - 167,0 мың теңге (орташа облыстық көрсеткіштен 1,8 есеге артық), өнеркәсіпте - 147,6 мың теңге (1,6 есеге), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 120,7 мың теңге (1,3 есеге), қаржы және сақтандыру қызметі бойынша 101,1 мың теңгеге (1,1 есеге) жеткен.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында, мұнда орташа жалақы орта облыстық көрсеткіштің 52,9 % - ына тең.

Аумақтық жағынан алғанда бұрынғысынша Бөрлі ауданы алда келеді, мұнда орташа жалақы - 198,4 мың теңге, бұл облыстық деңгейден 2,2 есеге көп.

Соңғы жаңалықтар