20:58, 09 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да өткен айда өнімдер бағасы өзгеріссіз қалды
ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда өткен қазан айында алдыңғы қыркүйекпен салыстырғанда, өнім бағасы өзгерген жоқ.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, тұтыну тауарлары 1,3 пайызға арзандаса, аралық тұтыну өнімі 0,1 пайызға қымбаттады. Өңдеу өнеркәсібінде баға 0,3 пайызға төмендесе, кен өндіруде 0,1 пайызға өсуі байқалған. Электр қуаты, газ, бу бөлуде бағалар өзгеріссіз қалды.