БҚО-да өткен айтыста оқушы Райымбек Өтепов топ жарды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен республикалық жоғары технологиялық колледж жанындағы «Темір-Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігі (жетекшісі Эльмира Келбетова) ұйымдастырған сөз сайысына барлығы сегіз жас ақын қатысып, бақ сынады.

null  

Тәуелсіздік, елдік пен бірлік арқау болған айтыс барысында, әсіресе, Қаратөбеден келген Мұхит атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Райымбек Өтепов жарқырай көрінді. Алдымен оралдық мұғалім Азамат Базарбаевпен, финалда жаңақалалық Орынбек Меңдікұлмен сөз сайыстырған Райымбек тапқыр ой, ұтқыр теңеулерімен ерекшеленді. Сөйтіп ол бірінші орынды жеңіп алды. Орынбек Меңдіқұл мен Азамат Базарбаев екінші, оралдық Асланбек Шығыров үшінші жүлдені иеленді.

null  

«Райымбек Өтепов өткен жылы Алматы, Тараз қалаларында өткен республикалық оқушылар айтысында жүлдегер атанды. Енді, міне, жастар арасында топ жарып отыр. Ол - Қаратөбе аудандық балалар шығармашылығы үйі жанындағы «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі. Болашағынан үлкен үміт күтеміз», деді ҚазАқпарат тілшісіне шәкірті туралы ақын, жоғары санатты қосымша білім беру педагогы Ертай Бимұханов. 

null null  

Соңғы жаңалықтар