БҚО-да полиция қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ОРАЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Орал қаласы ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы В.Тимченко ювеналдық полиция тобының кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы А.Османовпен бірге қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, С.Ерекешоваға қатысты жасалған қылмысты тіркеуден жасырған.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, В.Тимченко тергеуге дейінгі тексеріс барысында мүлкінің ұрланғаны жөнінде аталған азаматша арыз бере тұрса да, А.Османов жазған жалған арыздың негізінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы процессуалдық шешім қабылдаған, соның нәтижесінде қылмысты тіркеуден жасырған.

Орал қалалық прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде жасырылған қылмыс анықталып, аталған факті бойынша ҚР ҚК 175-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ал қылмысты жасыру фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 363-1-бабымен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Орал қалалық сотының үкімімен В.Тимченко және А.Османов ҚР ҚК 307-бабы 2-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге ішкі істер органдарында қызмет жасау құқығынан айырылып, ҚР ҚК 50-бабы 1-бөлімімен В.Тимченко полиция капитаны, ал А.Османов полиция аға лейтенанты шенімен қош айтысты.

Соңғы жаңалықтар