11:23, 24 Маусым 2025 | GMT +5
БҚО-да полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылында полиция қызметкері асылып қалды.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, оқиға 21 маусым күні болды. 22 жастағы полиция қызметкері өз үйінің ауласында өмірін қиған. Марқұм 23 маусым күні жерленді.
Достық ауылдық округінің әкімі Әбубәкір Төлеуов оқиғаны растады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адамның өзіне-өзі қол жұмсауына байланысты қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да прокуратура қызметкерінің өзіне-өзі қол жұмсағанын жазған едік.