БҚО-да полиция қызметкерлеріне 30 жаңа көліктің кілті табыс етілді

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Конституцияның 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізілді.

полиция көлігі
Фото: БҚО ПД

Полиция қызметкерлерін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, Ата заңның еліміз үшін маңыздылығын атап көрсетті.

БҚО-да полиция қызметкерлеріне 30 жаңа көліктің кілті табыс етілді
Фото: БҚО ПД

Содан кейін ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғысхаттар мен грамоталар табыс етілді. 

БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан төсбелгілер, алғыс хаттар мен грамоталар тапсырды. Бірқатар қызметкер департамент бастығының бұйрығымен марапатталды.

БҚО-да полиция қызметкерлеріне 30 жаңа көліктің кілті табыс етілді
Фото: БҚО ПД

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімдеріне 30 жаңа қызметтік автокөліктің кілті берілді.
Салтанатты жағдайда жас полиция қызметкерлері әріптестерінің алдында Отанға және халыққа адал қызмет етуге ант берді.

БҚО-да полиция қызметкерлеріне 30 жаңа көліктің кілті табыс етілді
Фото: БҚО ПД

Іс-шара Орал гарнизоны полициясының салтанатты шеруімен аяқталды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен қыз табылып, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар