БҚО-да республикалық жол барлық көлік түрлері үшін жабылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін шектеу қойылды.
Жабылу себебі – көктайғақ.
Бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 19 желтоқсанға қараған түні екі республикалық жол жабылып, бүгін таңмен қайта ашылған еді.
БҚО ТЖ департаменті ертең де өңірде көктайғақ болатыны жөнінде ескерту жариялады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі актокөлік соқтығысып, үш адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.