БҚО-да Самара-Шымкент жолында көлік қозғалысы шектелді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Самара-Шымкент жолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 18 наурыз күні жергілікті сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) күре жолы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.
Жабылу себебі – көктайғақ, бұрқасын, жаңбыр.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да облыстық жолдарда да көлік қозғалысы шектелгенін, қар құрсауында қалған 20 адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.