БҚО-да шағын кәсіпкерлік нысандары 93,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Облыс әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, биылғы 1 қыркүйекке дейін 35,9 мың шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген, бұл өткен жылғыдан 1,4 пайызға көп. Аталмыш салада 62,7 мың адам еңбек етеді.
Биылғы жеті айда екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес нысандарына 8,9 млрд. теңге несие берген, бұл көрсеткіш 20,7 пайызға жоғарылаған. Ауылдық несие серіктестіктері 30,7 млн. теңгенің үш несиесін ұсынған.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 606,3 млн. теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1168,1 млн. теңге, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес ауыл кәсіпкерлерін демеуге 200 млн. теңге, бағдарламаға қатысушыларды оқытуға 8,7 млн. теңге бөлінді.
Өңірдің шағын несие ұйымдары 941,1 млн. теңгенің 694 несиесін үлестірген, бұл өткен жылғыдан 2,3 есеге асып түскен.