13:19, 29 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 519366 млн. теңгенің өнімін өндірді
ОРАЛ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлік нысандары биылғы он айда 519366 млн. теңгенің өнімін өндірді.

Облыстық статистика басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, өнім көлемі өткен жылғы осы кезеңдегіден 2,2 пайызға өсті. Аталмыш салада қазіргі таңда 92234 адам жұмыс жасайды, бұл өткен жылғыдан 3,5 пайызға кем.
Биылғы 1 қарашаға облыстың ірі және орта кәсіпорындарының міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 3139,6 млн. теңгені құраса, соның 284,4 миллионы - жалақы қарызы.