БҚО-да шекарадан 4 мың дана пышақты алып өтпек болғандар ұсталды

ОРАЛ. KAZINFORM — Шекара қызметі БҚО бойынша департаменті «Сырым» өткізу бекетінде қолдан жасалған 4 мың дана пышақты тасымалдаудың жолын кесті. 

БҚО-да шекарадан 4 мың дана пышақты алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: Шекара қызметі БҚО бойынша департаменті

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш тауар аса ірі көлемде болған. 

— Пышақтар ілеспе құжаттарсыз тасымалданып, басқа жүктердің арасына жасырылған. Тәркіленген тауар БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді, - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 адам жауапқа тартылғанын жазған едік. 

Сондай-ақ БҚО-да монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін «Aqjaiyq» ӘКК-ға айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар