БҚО-да шекарадан заңсыз өткен екі азамат ұсталды

ОРАЛ. 5 қазан. ҚазАқпарат - «Жасырын» жедел алдын алу шарасы барысында Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Орынбор облысының 42 жасар азаматын ұстады.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ол 29 тамыз күні Қарашығанақ елді мекені тұсында Жайық өзені арқылы тиісті құжатсыз шекарадан заңсыз өткен.

Сондай-ақ Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Болашақ ауылының 33 жасар тұрғынының 26 қыркүйек күні түн жамылып, Оңайбек қыстағы тұсынан Саратов облысы Новоузен ауданы Порганичник елді мекеніне бару үшін шекарадан заңсыз өткендігін анықтады.

Қазіргі кезде қос азаматқа қатысты ҚР ҚК 330-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар