БҚО-да шенеунік тәртіптік жазасы бола тұра, өзіне 800 мың теңгедей сыйақы тағайындаған

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасының сақталуын талдау барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады.

сыйақы
Фото: Kazinform

Белгілі болғандай, ол қолданыстағы тәртіптік жазасы бола тұра, өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.

- Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылдың 17 наурызында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізді.

Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша, тәртіптік кеңестік ұсынымына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылды, - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында. 

Дерекке қарағанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44-
бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Айта кетейік, БҚО-да 35 млн теңге жымқырған аурухана бухгалтері 7 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар