БҚО-да соңғы екі жылда 19 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 19 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, осы кезеңде 23500-дей адам еңбек орнын тапты.

Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы үшінші тоқсандағы дерек бойынша - 4,8 пайыз (республикалық көрсеткіш - 4,9). Бұл жөнінен БҚО елде үшінші орынды иеленеді.

Кедей отбасылар саны 2014 жылғы 1 желтоқсандағыдан 2015 жылы осы мезгілде 20-ға азайып, 728-ді құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар 1061 адамға (2014 жылғы 1 желтоқсанда - 3825) кеміп, 2764-ті құрап отыр. Өткен жылғы үшінші тоқсандағы жұмыссыздар саны - 15937 адам.

Елбасы тапсырмасына сәйкес тұрғындарды жұмыспен қамтудың кешенді жоспары жасалып, соған сәйкес 2015 жылы 19 мыңнан астам адам түрлі еңбек шараларына тартылды.

Өңірде жеке кәсіпкерлік нысандарымен өзара ынтымақтастық және босатылатын қызметкерлерді еңбекке орналастыру мәселесін шешу жөнінде 4369 меморандумға қол қойылған. Меморандумға қол қойған кәсіпорындарда 43 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

Соңғы жаңалықтар