БҚО-да соңғы төрт күнде 248 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында осы кезге дейін 12577 адам індет жұқтырса, соның 10099-ы жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соңғы төрт күнде (18-21 ақпан) облыста 248 адамнан коронавирус табылды.

Соның ішінде ЖРВИ белгілерімен тексерілген 113, бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған 93, профилактикалық мақсатта қаралған 30, стационарға жатқызар алдында сынама алынған 12 адамнан індет анықталды.

Соңғы төрт күнде сырқаттанғандардың 139-ы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Шыңғырлау ауданында 29, Бәйтеректе 28, Теректіде 18, Бөрліде 17 адамнан коронавирус шықты.

Індет басталғаннан бері облыс орталығында 7082, Бөрлі ауданында 1346, Бәйтеректе 1324, Ақжайықта 516, Теректіде 502 адамның ауырғаны тіркелді.

Өңір «сары» аймақта тұрғанымен, эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 277 дәрігердің жетіспейтінін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар