БҚО-да соңғы төрт күнде 364 адам коронавирус жұқтырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 364 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 216-сында ауру белгілері болса, 148-і – симптомы жоқтар.

Облыста төрт күнде тіркелгендердің 233-і немесе басым көпшілігі Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бөрлі ауданында 38, Бәйтеректе 32, Тасқалада 15, Шыңғырлауда 10, Теректі мен Қазталовта 9 адам індетке шалдыққан.

Осы кезге дейін облыста 15146 адам ауырса, соның 12241-і жазылып шықты. Көз жұмғандар саны 241-ге жетті.

Барлық сырқаттанғандардың 8795-і Оралда, 1590-ы Бөрлі ауданында, 1524-і Бәйтеректе, 602-сі Теректіде, 554-і Ақжайықта тіркелген.

Эпидемиолог мамандардың сөзіне қарағанда, адамдар коронавирусты негізінен сауда үйлері мен базарларда, қоғамдық көліктер мен емханаларда, жұмыс орындарында жұқтыруда. Оған қоса садақа, той-томалақтың тыйылмай отырғаны да дерттің өрши түсуіне себеп болуда.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 30 наурыздағы қаулысы 1 сәуірден бастап күшіне енді. Осыған сәйкес тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауын қадағалайтын мониторингтік топтардың жұмысы да күшейтілетін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 434 баладан коронавирус табылғанын, 82 мыңнан астам оқушының қашықтан білім алып жатқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар