БҚО-да соңғы төрт тәулікте 250-ден астам адамнан коронавирус табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт тәулікте 253 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соның 175-інде ауру белгілері бар, 78-інде симптомы жоқ болып шықты.

Ауырғандардың 143-і ЖРВИ белгілерімен тексерілген. 73-і бұрын індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. 36-сы профилактикалық мақсатта қаралған.

Сырқаттанғандардың тең жартысына жуығы, яғни 114-і Орал қаласында анықталды. Сондай-ақ соңғы төрт күнде Бәйтерек ауданында 52, Бөрліде 32 адамнан коронавирус анықталды.

Пандемия басталғаннан бері облыста барлығы 37 668 науқас тіркелсе, соның 30 024-і жазылып шықты. 774 адам көз жұмды.

Індет жұқтырғандардың 18 907-сі Орал қаласы, 5016-сы Бәйтерек, 4587-сі Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 300-ден астам науқастың инфекциялық стационарларда ем алып жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар