14:47, 21 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да соңғы үш жылда 1071,7 шақырым газ құбыры тартылды
ОРАЛ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда жалпы ұзындығы 1071,7 шақырым газ құбыры тартылды.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, осы мерзімде 67 мың адамы бар 68 елді мекенге газ жеткізілді. Барлық он екі аудан орталығы табиғи газға қосылды. Облыс бойынша газбен қамту 82 пайызға жетті.
Елді мекендерді газдандыру жұмыстары одан әрі жалғасуда.