БҚО-да соңғы жылдары дүниеге келген сәбилер саны көбейіп отыр

ОРАЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары дүниеге келген сәбилер саны көбейіп отыр.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменовтің сөзіне қарағанда, көптеген ауруларды ерте анықтау үшін қазіргі заманғы диагностиканың енгізілуі және емдеудің сапалы жүргізілуі арқасында тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Осыған байланысты туу деңгейі де жоғарылады. Егер 1995 жылы мың адамға шаққанда 16 нәресте дүниеге келсе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 12-ге дейін кеміген болатын. Өткен жылы бұл 19-ға жетті. Биылғы көрсеткіш те ойдағыдай деуге болады. Өңірде ана мен бала өлімі деңгейін төмендету бағытында кезек күттірмейтін шаралар қабылдайтын облыстық штаб жұмыс жасап келеді.

Биыл туғаннан жүрегі дімкәс балаларға ота жасау үшін жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде Ресей Федерациясының Самара қаласындағы кардиоорталықта батысқазақстандық 11 балаға ота жасалды.

Соңғы жаңалықтар