БҚО-да сот талабын орындамаған аудан әкімінен қаржы өндірілді

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында сот талаптарын орындамаған Ақжайық ауданы әкімі мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына ақшалай өндіріп алу салынды.

Екі жасар өгей ұлын өлтірген Теміртау тұрғынына сот үкімі шықты
Фото: Kazinform

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ақжайық ауданының тұрғыны төтенше жағдай кезінде биылғы су тасқыны салдарынан 16 бас жылқысынан айырылған.

Кейін сол шығынға ұшыраған малының материалдық шығынын өтеу жөнінде көмек сұрап, өтінішхатпен Ақжайық ауданы әкіміне, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне және облыс әкімдігіне жолыққан. Бірақ олардың жауаптарымен келіспей, БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген.

Іс бойынша дайындық жүргізу мақсатында сот жауапкерлерді белгіленген мерзімде әкімшілік талап қоюға дәлелді қарсы пікірлерін беруге міндеттеді. Алайда жауапкерлер талап қоюға дәлелді пікірлерін және соттың сұратқан әкімшілік іс құжаттарын белгіленген мерзімге жолдамаған. 

- Соның салдарынан іс бойынша алдын ала тыңдау кейінге қалдырылған. Сот іс құжаттарын зерттеп қарап, жауапкерлердің келтірген уәждерін негізсіз және дәлелсіз деп тапты. Олардың іс-әрекетттерінде заңға және сотқа ашық құрметтемеушілік көрсету оқиғасы орын алған деп таныды. Мұндай жағдайда сот талаптарын орындамауға байланысты Ақжайық ауданы әкіміне, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысына әрқайсысына 20 АЕК көлемінде 73 840 теңгеден ақшалай өндіріп алу қолданылды, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сот шешімін елемеген салық органының басшысы шығынға қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар