БҚО-да студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының маусымы қорытындыланды

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының маусымы қорытындыланды.
None
None

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жастарды еңбек маусымының сәтті аяқталуымен құттықтап, жас көшбасшылар мен белсенділердің сауалдарына да жауап берді. Әсіресе, жастарды еңбекке орналастыру, медицина қызметі, мәдени шаралар мен бос уақытты ұйымдастыру, руханият пен адамгершілік мәселелері көбірек сөз болды. Б.Мәкен қазіргі таңда елімізде ауқымды ақпараттық-идеологиялық жұмыстардың да атқарылып жатқанын жеткізді. Республикалық деңгейде арнайы жастар телеарнасын ашу мәселесі көтерілуде.

«Жас Отан» жастар қанаты облыстық бөлімшесінің атқарушы хатшысы, облыстық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары штабының жетекшісі Дархан Қадыралиевтің айтуынша, биылғы еңбек жылы табысты өтті. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілі Төрехан Дүйсенбаев үздік командир, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенті Ербол Байғалиев пен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен Әйгерім Төлепова үздік жауынгер, «СВ плюс» ЖШС үздік жұмыс беруші атанды. Басқа аталымдар бойынша да озық шыққандар марапатталды.

Соңғы жаңалықтар