БҚО-да тағы бір басқарманың басшысы өзгерді
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 3 шілдеде өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
М.Ғ.Қуаншалиев 1969 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1993 жылы Алматы автомобиль жол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасының құрметті жолшысы.
1993-1996 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында жұмыс істеді.
1996-1997 жылдарда - «Ақшабақ» ШК балық аулаушылар бригадасының мүшесі.
1998-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет жасаған.
1999-2000 жылдарда - «Казавтодор» РМҚК ӨЖБ-3 филиалы ЖПК-2 жол жұмысшысы.
2000 жылы - облыстық автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы.
2001-2003 жылдары - облыстық автомобиль жолдары басқармасы бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.
2003-2006 жылдары - Алматы қаласындағы «Каздорпроект» ААҚ инженер-жолшы.
2006-2011 жылдары - Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің, кейін басқармасының бас маманы, бөлім бастығы.
2011-2012 жылдары «Сана Маркет» ЖШС бас маманы.
2012 жылдан осы кезге дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары.