БҚО-да тауарлар мен қызметтер бағасы 2,7 пайызға өсті

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қыркүйекте облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,7 пайызға өсті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының баға индексі 100,3 пайызды құрады. Ай ішінде джем, повидло, бал - 1,9 пайызға, балық және теңіз өнімдері - 1,1 пайызға, шұжық өнімдері - 0,5 пайызға, сүт, ірімшік және жұмыртқа 0,4 пайызға өсті.

Биылғы тоғыз айда азық-түлік тауарларына бағаның индексі 102,6 пайызды құрады. Кондитер өнімдері - 3,1 пайызға, темекі өнімдері - 3,5 пайызға, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 3,9 пайызға, ұн - 5,7 пайызға, ет - 8,3 пайызға, қант 8,5 пайызға қымбаттады. Осы кезеңде жарма бағасы - 16,3 пайызға, жемістер мен көкөністер - 3,5 пайызға, сүт, ірімшік және жұмыртқа - 3,3 пайызға, май  және  тоңмай  2,6 пайызға төмендеді.

Ай ішінде азық-түлік емес тауарларының бағасы 0,3 пайызға өсті, бұл киім және аяқ киім бағасының - 0,2 пайызға, жеке күтімге арналған тауарлар - 0,4 пайызға, фармацевтикалық өнімдер - 0,6 пайызға, қатты отынның 3,9 пайызға көтерілуіне байланысты.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде азық-түлік емес тауарларына бағаның индексі 102,3 пайызды құрады. Киім және аяқ киім бағасы - 2,6 пайызға, газет, кітап және кеңсе тауарлары - 4,6 пайызға, құрылыс материалдары - 3,8 пайызға, шыны бұйымдар, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтар - 4,7 пайызға, қатты отын - 9,5 пайызға, өсімдіктер мен гүлдер 5,9 пайызға өсті.

2012 жылғы қыркүйекте халыққа көрсетілген ақылы қызметтер бағасы 0,8 пайызға жоғарылады. Тұрғын үйді нақты жалға алу төлемі 3,5 пайызға өсті. Жолаушылар теміржол көлігі қызметтері  4,8 пайызға  төмендеді.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйегінде ақылы қызметтер  бағасы 3,2 пайызға өсті, әсіресе, білім беру қызметі - 10,6 пайызға, сақтандыру және құқықтық қызметтер - 7 пайызға, сағат жөндеу қызметі - 7,3 пайызға, қоқыс жинау - 9,3 пайызға, салт-жора қызметі 18,6 пайызға артты. Байланыс қызметтері - 10,9 пайызға, соның ішінде  пошталық қызметтер - 14 пайызға, телефонға абоненттік төлем 20 пайызға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар