16:46, 21 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да тәуелсіздік жылдары 51 мектеп, 384 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды
АЛ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тәуелсіздік жылдары тек білім саласында жаңадан 51 мектеп, 384 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, биылғы жылдың өзінде 8 мектеп, 6 балабақша пайдалануға берілмек. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші жөнінен облыс республикада 1-ші орында (94,2 %).