БҚО-да техникалық қамту және автомобиль жөндеуде 346,8 млн. теңгенің қызметі көрсетілді

ОРАЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда техникалық қамту және автомобиль жөндеуде 346,8 млн. теңгенің қызметі көрсетілді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 27,8 пайызға артық. Жыл басынан бері орта кәсіпорындар 37,0 млн. теңгенің (10,7 %), шағындары - 112,4 млн. теңгенің (32,4 %), жеке кәсіпкерлер 197,4 млн. теңгенің (56,9 %) қызметін көрсетті. Барлық жөндеу қызметінің көлемі мемлекеттік емес саланың үлесінде, соның ішінде 56,9 %-ы азаматтардың меншігінде.

Жөндеу қызметінің қомақты көлемі Орал қаласы (80,4 %), Бөрлі (5,6 %) және Зеленов (5,2 %) аудандарының кәсіпорындарымен көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар